Жиі қойылатын сұрақтар


Grand Ballroom жалпы сыйымдылығы қандай?

Негізгі концерт залында меймандарды жайғастырудың 2 нұсқасы бар: 1000 адамдық банкеттік жайғастыру және 2000 адамға дейін фуршеттік қабылдау.
Концерттік үлгідегі іс-шаралар 2000 адамдға дейінгі аудиторияны қабылдауға арналған.

Grand Ballroom сахнасында қандай да бір өнер жұлдызының концертін өткізу мүмкін бе?

Әрине, мүмкін. KRAFTWERK Living Technologies австриялық компаниясының заманауи озық аудио, бейне және жарықтандыру техникасымен жабдықталған үлкен сахна мен залдың арқасында концерт ұмытылмас оқиғалардың біріне айналады!

Grand Ballroom сахнасында танымал тұлғалар/ орындаушылар/ топтар өнер көрсетті ме?

Grand Ballroom сахнасында 2013 жылдың мамыр айында өзінің концерттік бағдарламасымен (Обними меня) Ани Лорак өнер көрсетті. Сондай-ақ Тимур Родригез, Сосо Павлиашвили, Александр Серов, Лев Лещенко, Alexandra Stan, Дмитрий Хворостовский, Валерий Меладзе, Лолита Милявская, Хор Турецкого, Настя Каменских, Слава және қазақстан эстрада жулдыздары!

Үйлену тойларын/ туған күндерді ғана емес, іскерлік кездесулер мен конференцияларды өткізуге бола ма?

Керек десек те болады. Grand Ballroom 450 адамдық аудиторияға арналған BOSCH компаниясының ілеспе аудару жүйесімен жабдықталған, сондықтан тренинг, конференция мен т.б. оңай ұйымдастыра аласыз. Қызметкерлер құрамы Сіз өткізуге ниеттенген іс-шараның түріне қарай жиһазды ыңғайлы орналастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, Сізге ауқатты орта мен жоғары деңгейде серіктестеріңізбен іскерлік кездесу ұйымдастыруға болатын 3 VIP бөлмені ұсынамыз (толығырақ ақпаратты сайттан қараңыз).

«Wine Gallery» шараптарын таңдауға кім көмектеседі?

Тапсырыс берілген тағаммен мінсіз үйлесетін шарапты нұсқап, Сізге таңдау жасауға көмектесетін кәсіпқой сомель қызмет көрсетуге дайын.