Концерттар

Grand Ballroom банкеттік кешені республикалық ауқымдағы әлеуметтік шараларды, сондай-ақ атақты жұлдыздардың концерттерін өткізу үшін аса лайық орын. Дыбыстық, жарықтық жабдықпен сүйемелденген салтанатты жабдықталуы Сіздің шараңызды Алматы қаласының ақсүйектер өмірінің басты оқиғасына айналдырады. Ерекше қонақтарға арнап екінші қабатта VIP ескерілген, дәл сол жерде президенттік төсек орналасқан. Grand Ballroom залының фойесі жеке көңіл бөлуге тұрарлық. Жайдарлы welcome drink үшін лайық, бір сөзбен айтқанда, шараның барлық ресми емес бөлігі үшін мінсіз болып табылады. Фойе үлкен LED дисплеймен жабдықталған (өлшемі 8х8м), одан негізгі залда өтіп жатқан шара тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар фойе 2000 адамды қамтитын киім ілетін орынмен жабдықталған.
Grand Ballroom сахнасы – біздің банкеттік кешеніміздің мақтанышы. Сән көрсетуге арналған подиумдарға, тұсаукесерлер мен марапаттауларға арналған баспалдақтарға жеңіл өзгеретін сахна кез келген форматтағы шараны тапсырыс берушінің ойына байланысты мүмкін етеді. Сахна әртістер мен сөз сөйлеушілерге арналған жеке жеделсатымен жабдықталған, бұл грим жасайтын бөлмелерге қиналмай және тез арада жетуге мүмкіндік береді.
Grand Ballroom сахнасының төрінде орнатылған негізгі экран ерекше көңіл бөлуге тұрарлық. Бұл дисплейдің ерекшелігі сол, ол сахнаның ортасына дейін бірдей бөліктермен оңай ілгері жылжытылады, мұндай функциялар Сіздің шараңызды қызықты заманауи шоуға айналдыруға мүмкіндік береді!