VIP meeting room

VIP meeting room – зал жеке іс-шараларды: мерейтойлар, туған күндер, үйлену тойлары мен т.б. өткізуге, сондай-ақ конференциялар мен тренингтерді ұйымдастыруға арналған. Зал би алаңы бар сахнамен толықтырылған шеңбер түрінде жасалған, бұл стандартты жайларда салтанаттарды өткізу туралы қалыптасқан ой-түсінікті өзгертуге мүмкіндік береді. VIP meeting room әдеттен тыс пішімі Сіздің іс-шараңызды әлдеқайда жайлы және отбасылық жылуға толы ете түседі. Бөлмені Grand Ballroom VIP аймағы ретінде пайдалануға болады! Зал KRAFTWERK Living Technologies австриялық компаниясының барлық қажетті озық техникалық жабдықтарымен, сондай-ақ Сіздің идеяларыңыз бен қажетті ақпаратты көрермендерге ұсынуға мүмкіндік беретін өлшемі 4.2м айрықша проектормен қамтылған.

АУДАНЫ:

Жалпы ауданы – 489 ш.м

СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ:

Банкет – 120 мейманға дейін
Фуршет – 150 мейманға дейін
Конференция үшін жайғастыру – 80 мейманға дейін 

ҚОСЫМША:

Кәсіби техникалық жабдық

Проектор және LED дисплей

Алуан түрлі іс-шараларды өткізу (конференциялардан банкеттерге дейін)