Grand Ballroom

Grand Ballroom – Салтанатты қымбат классикалық стильде жасалған өз қатарындағы жалғыз кешен. Бізді таза сутастан жасалған көз тартарлық аспалы шам, асыл жапырақша алтын жалатылған қылқималар, төбелер мен қабырғалардың әрленуімен; Қазақстанның дарынды суретшілерінің суреттер топтамаларымен ұсынылған таңдаулы жабдықтар ерекшелендіреді. Grand Ballroom – сәулетті үйлену тойларынан орасан зор fashion көрсетілімдер, концерттер мен тіпті театр қойылымдарына дейінгі кез келген түрдегі салтанаттарды өткізу үшін мінсіз. Заманауи дыбыстық, жарықтандыру жабдықтарымен қатар қымбат бұйымдар Сіздің іс-шараңызды Алматының зайырлы өмірінің басты оқиғасына айналдырады. Ерекше меймандар үшін екінші қабатта VIP орындар қарастырылған, сондай-ақ онда президенттік орын бар. Grand Ballroom залының фойесі айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Жарқын welcome drink үшін үйлесімді, бір сөзбен айтқанда іс-шараның бүкіл бейресми бөлігі үшін мінсіз сәйкес келеді. Фойе үлкен LED дисплеймен (көлемі 8х8м) жабдықталған. Сондай-ақ, фойе сыйымдылығы 2000 адамға дейінгі сырт киім шешуге арналған бөлмемен жабдықталған.

Grand Ballroom сахнасы – біздің банкет кешеніміздің мақтанышы. fashion – подиумдар, тұсаукесерлер мен марапаттауларды өткізуге арналған сахна болып оңай өзгертіледі – сахна тапсырыс берушінің қалауына байланысты кез келген нысандағы іс-шараны мүмкін етеді. Сахна әртістер мен сөйлеушілерге арналған дербес лифтпен жабдықталған, бұл грим бөлмесіне қиындықсыз және уақытты шығындаусыз жетуге мүмкіндік береді.

Бүкіл Қазақстан бойынша Grand Ballroom залына көлемі, техникалық жабдықталуына қарай балама банкет залдары жоқ!

АУДАНЫ:

Жалпы ауданы – 3000 ш.м

СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ:

Банкет – 1000 мейманға дейін

Фуршет – 2000 мейманға дейін

САХНА:

Ұзындығы – 13 м

Ені – 13м

Сахнаның экраны – биіктігі 6м, ұзындығы 12м.

Қос. 2 LAD дисплей – биіктігі 2м, ұзындығы 3м.

Қос. 4 LAD дисплей – биіктігі 3м, ұзындығы 4м.

ЖҮКТЕУ

Толығырақ тех.ақпаратты мына жерден жүктеп алуға болады

МЫНАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН:

Үйлену тойлары мен Салтанаттар

Мерейтойлар мен Туған күндер

Кездесулер мен конференциялар

Банкеттер мен Концерттер

Fashion көрсетілімдер мен Тұсаукесерлер